Қысқаша ақпарат

Біз туралы

009 жылдың қазаны – «CASPI BITUM» БК» ЖШС Қазақстан-Қытай кәсіпорнының бірлесіп құрылуы:

Құрылтайшылары «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ (50%) және «CITIC Kazakhstan» ЖШС (50%)

2010 жылдың маусымы — Ақтау қаласында битум зауытын сақадай сай етіп салуға ЕРС – келісімшартына қол қою.

2010-2013 жылдар — мердігерлер консорциумымен зауыт салу.

2013 жылдың 12 желтоқсаны — битум зауытын пайдалануға беру туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды.

2013 жылдың 20 желтоқсаны — «Қазақстанды индустрияландыру картасы» телекөпірі шеңберінде Елбасының қатысуымен битум зауытын іске-қосу рәсімі өтті.

Нысаналы өнім — жол битумы (тотыққан және модификацияланған)

Зауыттың қуаты:

  • мұнай өңдеу бойынша – 1 млн тонна/жылына
  • тотыққан битум өндірісі бойынша – 400 мың тонна/жылына
  •  модификацияланған битум өндірісі бойынша – 120 мың тонна/жылына

Зауытқа шикізат жеткізу (Қаражанбас мұнай кен орны)

Битум зауытының алаңшасы бұрынғы Ақтау пластикалық масса зауыты аумағының бөлігінде орналасқан.

Қаражанбас кен орнынан шикізат жеткізуді «ҚазТрансОйл» АҚ арнайы жүргізілген мұнай құбыры арқылы (11 км) – «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау» магистрал мұнай құбырынан шығатын шықпа арқылы – біртіндеп қотару тәсілімен жүзеге асырады.

2017 жылға негізгі фразалар

— Өндірістік процесті жақсарту үшін келесі жүйелер енгізілді: сапа менедженті, энергоменеджмент, еңбекті қорғау және экология жөніндегі менеджмент.

— Қаңтарда зауыт алғаш рет жол битумын Өзбекстан Республикасына, және қарашада буып-түйілген күйінде Қытай Халық Республикасына экспортқа жөнелтті.

ҚР Энергетика Министрлігі қолдауымен Битум өндірушілердің тұңғыш ғылыми-техникалық конференциясы ұйымдастырылды. Онда битум өндірушілерді қалай болса, тұтынушыларды – жол-құрылыс компанияларын да солай қызықтыратын барлық мәселелер қаралды. «CASPI BITUM» БК» ЖШС және Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті (Ақтау қ.) және «Атырау мұнай және газ университеті» АҚ арасында өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Бұл ЖОО базасында кәсіпорын үшін мамандарды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға, зауытшыларды оқу процесіне қатысуға тартуға, технологиялық старт-аптардың қалыптасуына себептесуге және битум проблематикасы бойынша ғылыми зерттеулерге жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

Біздің кәсіпорын өнім сапасы саласында едәуір нәтижелерге қолжеткізген өндіруші ретінде танылды және 2017 жылдың «Іскер» сыйлығының арнайы марапатын алды.

Зауытқа басшылар, шетел делегациялары, БАҚ және т.б. жұмыс сапарымен келді.

Мұнайды өңдеу және битумды өндіру бойынша жоспарлы көрсеткіштер артығымен орындалды, мұнай өңдеу көлемі 718 мың тонна (жоспар бойынша 700 мың тонна), жол битумын өндіру көлемі – 235 мың тонна (жоспар 150 мың тонна) құрады.

Біздің көрсеткіштеріміз

Зауыт қуаты

1000000
мұнай өңдеу бойынша - тонна/жылына
400000
тотыққан таушайыр өндіру бойынша - тонна/жылына
120000
түрлендірілген битум өндіру бойынша - тонна/жылына
Ең қызығы мен жаңасы

Компания жаңалықтары

«CASPI BITUM» БК» ЖШС өзінің өндірістік қызметкерлерінің кәсіби бағытта тұрақты дамуына көп көңіл бөледі

2019 жылдың 4-8 ақпан аралығында Орталық зауыт зертханасының химиялық талдау зертханашылары Алматы қаласында жол салу материалдары саласында озық мекеме болып табылатын «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының оқу орталығында біліктілікті …

«CASPI BITUM» БК» ЖШС өз қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру олардың білім деңгейін көтеріп, тұрақты даму мен жетілуге ынталандыратынына толық сенеді

Осы жылдың 11-15 ақпан аралығында Орталық зауыт зертханасының химиялық талдау зертханашылары мекеме негізінде жүргізілген өндірістен қол үзбей біліктілікті арттыру курсын тамадады. «Мұнайды талдаудың инструменталды әдістері» атты семинарды «Топан» ЖШС білім …

Жыл бойы спортта

Жыл бойы спортта. Әр демалыста зауыт ойыншылары үлкен футбол ойнау үшін футбол алаңына шығады. Олар наурыз айында аяқталатын облыс чемпионатында бір-бір матчтен ойнайды. Жастар тұғырдың жоғарғы сатысында тұрақтап қала ма …

2019 жылы 8 ақпанда Глоба Владимир Васильевичті еңбегі сіңген демалысына шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті

Бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор Балтабаев Атымтай Амантаевич  оны құттықтап, битум зауытының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді, сонымен қатар мықты денсаулық, бақытты әрі ұзақ ғұмыр, сәттілік тіледі. …

Маңғыстауда қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын онлайн-мониторинг жүргізілуді енгізу жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаның ластануын Маңғыстау облысының экология департаментінің мамандары онлайн режимде бақылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының экология департаментінің басшысы міндетін атқарушы Руслан Тукенов айтты. Руслан Тукеновтың сөзіне сәйкес онлайн-мониторингті …