7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аясында битум зауытында қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға және олардың салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Сенім» медициналық клиникасының қатысуымен қызметкерлер аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану және дене белсенділігін сақтау бойынша кеңес ала алатын «Денсаулық бұрышы» құрылды. Бұл күні қызметкерлер қандағы қант пен холестерин деңгейіне жедел тестілеуден өтті.
Іс-шараға медбике Динара Сейітова қатысып, қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сұрақтарға жауап беріп, денсаулықты сақтау мен нығайту бойынша ұсыныстар берді.
Ұйымдастырылған іс-шаралар қызметкерлердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға септігін тигізіп, аурулардың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын айқындай түсті.
Мұндай бастамаларды жүзеге асыру - кәсіпорынның қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған корпоративтік саясатының маңызды бөлігі.