2026 жылғы 10 ақпанда «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің орталық кеңсесінің мәжіліс залында компания қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.
Жиналысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы өткізді.
Іс-шараға компания басшылығы, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері мен қызметкерлері қатысты. Спикер қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті талаптарымен, компания қызметі саласындағы негізгі тәуекелдермен, оларды болдырмау шараларымен, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік қызметте әдеп нормалары мен адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығымен таныстырды.
«Мұндай кездесулерді өткізу ұжым арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті бас директордың бірінші орынбасары Мұқанов Т.Д.
«CASPI BITUM»БК» ЖШС басшылығы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Агенттік департаментіне алғыс білдіріп, өз қызметінде ашықтық, заңдылық және әдептілік қағидаттарына бейілді екенін растайды.