2 қыркүйекте "CASPI BITUM" БК" ЖШС-де Қазақстан
Республикасының Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнін атап өтті. Бас
директордың м.а. Т. Муканов барша қатысушыларды мерекемен құттықтап,
лайықты марапаттарын салтанатты
түрде табыс етті. Зауыт жұмыскерлерінің еңбегін ҚР Энергетика
министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, Серіктестік басшылығы және кәсіподақ
комитеті марапаттады. "CASPI BITUM" БК" ЖШС ұжымын құттықтауға олардың
отбасы мүшелері де келді: жұмыскерлердің балалары қонақтарға
өз орындауларында керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады: "Адай" күйі,
Абайдың поэмасы, балалар өлеңдері мен тамаша би композициялары ешкімді
бей-жай қалдырмады. Ал бір апта бұрын, осы мереке қарсаңында балалар
алғаш рет Ақтау битум зауытында танымдық экскурсияға
барған болатын.