Маусым айында 7-14 жас аралығындағы 150-ден астам бала жазғы демалысының бір бөлігін ең жақсы балалар сауықтыру кешендерінде өткізді. Ақтау битум зауытының балаларын Түркістан облысындағы «Таңшолпан» және Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы «Фламинго» балалар лагерлері қабылдады.
Балалар күш-қуатқа, керемет эмоцияларға толы, денсаулықтарын нығайып оралды.
Олардың көпшілігі алғаш рет Түркістан облысында болып, экскурсияларда өз көздерімен Қазақстанның тарихи інжу-маржаны - Түркістан қаласын көрді, Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағы мен аквапаркте болды.
Жалпы, лагерьдің өзі жаңа, 2024 жылы салынған, Төлеби ауданының көркем таулы жерінде орналасқан. Жергілікті «Фламинго» лагерінде балалар да әсерсіз қалмады: маусым айында Ақтау үшін ерекше салқын ауа-райына қарамастан, оларға әйгілі «Тетис Блю» аквапаркіндегі жылы бассейндер ұйымдастырылды.
Демалған балалардың ата-аналары зауыт басшылығына қамқорлығы және жазғы демалысты ұйымдастырғаны үшін зор алғыстарын білдірді.