5 қыркүйекте Ақтау битум зауытының өндірістік қызметте емес қызметкерлері мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнін дәстүрлі түрде теңіз жағалауында тимбилдинг ұйымдастыру арқылы тойлап атап өтті.
Зауыттың әртүрлі өндірістік және әкімшілік бөлімшелерінен 80-тан астам қызметкер қатысып, қызықты командалық жарыстар өткізілді.
Спорттық мерекенің қорытындысы салтанатты түскі ас болды, оның барысында ұйымдастырушылар ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне арналған ведомстволық наградаларды, "Үздік маман" конкурсының жеңімпаздарына дипломдарды, өткен жарыстарда жеңімпаз командаларға наградаларды тапсыру рәсімін өткізді.
Осы күні серіктестіктің кәсіподақ комитеті зауыттың кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті