1 қыркүйекте Ақтау битум зауытының өндірістік қызметте емес қызметкерлері мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнін дәстүрлі түрде теңіз жағалауында тимбилдинг ұйымдастыру арқылы тойлап атап өтті.
Зауыттың әртүрлі өндірістік және әкімшілік бөлімшелерінен 60-тан астам қызметкер қатысып, қызықты командалық жарыстар өткізілді. Жарыс жеңімпаздары үшін керемет сыйлықтар дайындалды: кинотеатрға топтық бару, дискотека клубына кіру және теңізде яхтамен серуендеу.
Спорттық мереке салтанатты түскі аспен аяқталды, онда ұйымдастырушылар жеңімпаз командаларға марапаттау рәсімін өткізді: 1-орынды «Барсы» командасы (капитан – Абай Ұнайбаев), 2-орынды «Көк жигули» командасы (капитан - Ағымов Саян), 3-орынды «Қәсіподақ» командасы (капитан – Рахымжан Жұпбанов) иеленді. Осы күні серіктестіктің кәсіподақ комитеті зауыттың кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.