«CASPI BITUM» БК» ЖШС 2020 жылдың 1-жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады. Мұнай өңдеу көлемі 392 256 тоннаға немесе жоспардың 100,5%-ына жетті. Коронавирустық пандемиямен байланысты кезеңнің күрделілігіне қарамастан, жол битумын өндіру көлемі өсуде. Ағымдағы жылдың 6 айында 162 808 тонна өндірілді, бұл жоспарланған көлемнің 103%-ын құрады. Тек маусым айында зауытта өндірілген битум саны жоспарлы көрсеткіштерден 116%-ға асып, 44 010 тоннаны құрады.
Жалпы, Қазақстан өңірлеріне 159 063 тонна жол битумы жөнелтілді. Өлшеніп оралған күйінде 9 840 тонна жөнелтілді. Алты айдың қорытындысы бойынша, Ақтау битум зауытында өндірілетін жол битумын тұтынудағы көшбасшылар ел өңірлері бойынша жөнелтілген битумның жалпы көлемінен Алматы облысы – 20%, Маңғыстау облысы – 12% және Ақтөбе облысы – 9,5% болып табылады.