Қымбатты жұмысшылар,
әріптестер, достар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі - Конституция күнімен құттықтаймын! Конституция біздің тәуелсіздігіміздің берік іргетасына, Қазақстанның табысты дамуының және жоғары халықаралық беделінің кепіліне айналды. Біздің Конституция жаңғырту процесін одан әрі іске асырудың, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың қуатты факторы болып табылады.
Осы күнге дейін жеткен нәтижелер біздің зауыттың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Инновациялық шешімдерді қолдану және жаңғырту нәтижесінде өндіріс тиімділігі артып келеді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін нығайту үшін көп жұмыс жасалуда. Елде мұнай және газ саласы дамуының әлеуеті зор. Оны ел экономикасының қарқынды өсуі, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін толық көлемде пайдалану үшін Сіздердің еңбектеріңіз бен таланттарыңыз аса қажет.
Пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай кезінде жеке өзіңізге және үйде, айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігіне жауаптылықпен қарап, қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салғым келеді!
Біз сіздермен бірге жұмыс орындарында жұмысшыларымыздың вирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдадық және осы күш-жігеріміздің нәтижесін көрудеміз. Біздің қызметкерлердің дені сау, оптимистік және толыққанды жұмысын жалғастыруы қуантады.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, табыс және барлық жақсылықты тілеймін!