5 маусымда «CASPI BITUM» БК» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында жарияланған Экология жылы аясында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті. Іс-шараны кәсіподақ комитетінің қолдауымен Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі мен Кадрлар бөлімі ұйымдастырды.
Ақтау битум зауыты өнеркәсіптік аймақтағы шөлді аумақта орналасқан, сондықтан мұнда көгалдандыру мәселесіне ерекше көзқарас талап етіледі. Көбінесе бөлім қызметкерлері де өз үлестерін қосып жатады: олар өздеріне тиесілі учаскелерді абаттандырып, түрлі өсімдіктер отырғызды, оларға күтім жасап келеді. Олардың ерекше ынта-жігерінің арқасында зауыт аумағында жақын арада жапырақтары сыбдырлаған нағыз бақ жайқалатын болады. Осылайша, Орталық-зауыт зертханасының қызметкерлері (бастығы – Д. Карипбаева) гүлдерге толы керемет гүлзарларды отырғызды, ал Алдын ала тазалау учаскесінде (бастығы – А. Тайжанов) жұмысшылар раушан гүлін, шие, қарақат және басқа да жеміс ағаштарын өсіріп жатыр. Осы жылдың көктемінде Серіктестіктің кәсіподақ комитеті ағаш көшеттерін сатып алып, зауыт аумағында ағаш отырғызды. Қоршаған ортаны қорғауға қосқан жеке үлесі үшін кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Урисбаевқа, ЭЛТҚ-АВҚ цехының технологиялық қондырғылар операторы Е. Палымбетовке, механикалық учаскенің слесарь-жөндеушісі О. Амирхановқа, механикалық учаскенің слесарь-жөндеушісі М. Омаровқа, ОЗЗ инженер-зертханашысы Г. Турмановаға Серіктестік атынан алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді.
Жұмысшылардың балалары арасындағы «Жасыл әлем – балалар көзімен» атты балалар сурет байқауы да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылды. Қазылар алқасының мүшелері болған Кадр бөлімінің, ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ және ӨҚ қызметінің қызметкерлері, кәсіподақ комитетінің атынан А.Урисбаев пен Р. Жупбанова және Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Т. Муканов жеңімпаздарды анықтап қана қойған жоқ. Қазылар алқасын балалардың жұмысы таң қалдырғаны соншалық, олар барлық балаларды бірден марапаттауға ниет білдірді, және солай жасады да. Байқауға қатысушыларға сыйлыққа орамасына өздерінің суреті басылған шоколад берілді. Ал жеңімпаздар ретінде конкурсқа шығармашылық тұрғыда қарап, өз суретінде экологияның қорғауға мұқтаж екенін және оны адамдардың өздері қорғауы керек екенін көрсеткен жас суретшілер танылды. Байқаудың ең жас қатысушысы Айша Құлбай (Н. Алиева, заңгер) алты жасқа да толмаған екен, бірақ оның жұмысы үздік деп танылды. Екінші орынды Амина Тайжанова (А.Тайжанов, АТУ), үшінші орынды Алдияр Жұмасейт (Б. Мырзатаева, ОЗЛ) иеленді. Көрермендер көзайымы сыйлықтарын Максим Кравцов (А.Кравцов, БӨАжА учаскесі), Інжу Салықжан (А. Шакирова, ОЗЛ), Каусар Сабытай (А. Тайжанов, АТУ) алды. Байқаудың ұйымдастырушылары дипломдар мен сыйлықтарды балаларға үйлеріне апарып табыстады.
5 маусым сенбі күні зауыттың барлық ұжымы бірлесіп экологиялық сенбілікке шықты, осылайша Серіктестіктің қызметкерлері бірлесіп жариялаған және зауытқа кіре берістегі баннерге ілінген «Таза болашақ – таза қазіргі сәтте» ұранымен өндірістің өзінде де, оған іргелес аумақта да тазалық жұмыстарын жүргізді.