«CASPI BITUM» БК» ЖШС жүргізіп жатқан мұнай өңдеу зауытының қуатын жылына 1,5 млн. тоннаға дейін кеңейту жөніндегі жұмыс шеңберінде NJPEK Нанкин жобалау институты мен CITIC Construction компаниясы жобаны іске асыруға қатысуға қызығушылық білдірді.
Бұл екі компания өз уақытында жұмыс істеп тұрған зауытты жобалауға және салуға қатысқаны туралы айта кеткеніміз жөн. Олардың тарапынан зауыттың өндірістік алаңдарына бару, қолданыстағы қуаттарды зерделеу және жобаны одан әрі іске асыру жоспарларын талқылау үшін бірлескен кездесу өткізу туралы ұсыныс түсті.
13-17 наурыз аралығындағы сапар барысында жобалау мен құрылыс ұйымының өкілдері техникалық және жобалық құжаттаманы зерделеп, қолданыстағы жабдықтарды тексерді, зауыт басшыларымен және мамандарымен жұмыс кездесулері мен кеңестерге қатысты, олармен жобаны іске асырудың техникалық, қаржылық және басқа да маңызды аспектілері талқыланды.