1977 жылы 10 наурызда дүниеге келген. 1998 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2006 жылы - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті "Экономика" мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіби тәжірибесі:
- 1999 – 2006 жж. - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, соңғы лауазымы - Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің анықтау бөлімінің бастығы.
- 2006 – 2009 жж. - "ҚМГ-Астана" ЖШС, Астана қ. - құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру секторының бас менеджері; атқарушы директор.
- 2009 - 2010 жж. – "ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ - заң бөлімінің бастығы; "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ, Астана қаласы – персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы департаментінің директоры; "ЕМЕ" ЖШС, Астана қаласы - Бас директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.
- 2010 - 2011 жж. - "ТехСтройСнаб ЛТД" ЖШС, Астана қ. - Бас директордың орынбасары.
- 2011 - 2014 жж. – "ҚМГ - Астана" ЖШС, Астана қ. – Бас директор; Тарату комиссиясының төрағасы.
- 2014 - 2018 жж. – "ҚазМұнайГаз Аэро" ЖШС, Астана қ. – заңгерлік сүйемелдеу қызметінің басшысы.
- 2018 - 2022 жж. - "CASPI BITUM "БК" ЖШС, Ақтау қ. - Бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші, кадр, құқықтық және әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарманың бастығы.
- 2023 ж. - қазіргі уақытқа дейін - Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары.