Лауазымдық міндеттері: Механикалық учаскенің бастығы жауапты басшы және учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізуді тікелей ұйымдастырушы болып табылады. Механикалық учаскеге бекітілген жабдықтардың дұрыс әрі қауіпсіз пайдаланылуын, оларға техникалық қызмет көрсетудің және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білімдер:
1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын;
2. 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын;
3. ҚР СТ 3517-2020 «Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі. Технологиялық қондырғылар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» стандартын;
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы «Өмірлік маңызы бар қағидалар» № 35 стандартының 21.04.2023 жылғы талаптарын (S-0000-3511-080);
5. Қазақстан Республикасының техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін;
6. Зауыттың технологиялық жабдықтарында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын;
7. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылғысына және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын;
8. Бу және ыстық су құбырларының құрылғысына және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын;
9. Бу және су жылыту қазандықтарының құрылғысына және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын;
10. Жүк көтергіш механизмдердің (ЖКМ) құрылғысына және оларды қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын;
11. Еңбек тәртібінің қағидаларын, «Өткізу және объектішілік режимдер туралы» ережені, еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарын, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің (бұдан әрі – Серіктестік) өзге де актілерін, сапа, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын, механикалық учаске туралы ережені, өндірістік және жалпы зауыттық нұсқаулықтарды, сондай-ақ учаскенің өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты басқа да нормативтік материалдарды;
12. Серіктестіктің Бас директорының бұйрықтарын, Серіктестік және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) басшылығының өкімдерін;
13. Осы лауазымдық нұсқаулықты;
14. ISO халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі, қауіпсіздік мәдениеті және 5S бағдарламасы саласындағы білімдерді;
15. Персоналдың жұмысын ұйымдастыруды, өндірісті дайындауға қатысуды, қызметкерлер мен бригадаларды жұмыс орындарына бөлуді қамтамасыз етуді, жөндеу технологиясының сақталуын бақылауды;
16. Әртүрлі жүйелердегі ақауларды анықтау және жою арқылы өндірістік процесті техникалық бақылаумен қамтамасыз етуді, механизмдердің үйлесімді жұмысын бақылауды, техника мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы кең ауқымды білім мен дағдыларды;
17. «Самұрық-Қазына» АҚ және ҚМГ құжаттарын, сондай-ақ ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018, ISO 55001:2014, ISO 50001:2011 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесі саласындағы құжаттарды, интеграцияланған менеджмент жүйесі саласындағы саясат пен мақсаттарды, құрылымдық бөлімшенің құжаттар тізбесінде айқындалған сыртқы және ішкі құжаттарды және қауіпсіздік мәдениетін білуі қажет.
Біліміне қойылатын талаптар:
Жоғары кәсіптік (техникалық) білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Инженерлік-техникалық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Жұмыс шарттары:
- Жұмыс орны: Ақтау қаласы, 5-өнеркәсіптік аймақ.
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Түйіндеме тапсыру тәртібі:
Белгіленген үлгідегі түйіндемені info@cb.kmg.kz электрондық поштасына «БОС ЖҰМЫС ОРНЫ / механикалық учаскенің бастығы» деген белгімен жіберу қажет (бос жұмыс орнының атауын көрсету және белгіленген нысан бойынша түйіндеме ұсыну МІНДЕТТІ).
Немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде «CASPI BITUM» БК» ЖШС кеңсесінің кеңсесіне қағаз түрінде тапсыру қажет.