Қызметтік міндеттері:
Компанияның бизнес-жоспарын қалыптастыру, Компания бюджетінің орындалуына мониторинг жүргізу және оған түзетулер енгізу, сондай-ақ бюджет орындалуы туралы есепті ұсыну.
Білімі:
Тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Білімі мен дағдылары:
- қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын білу;
- бизнес-жоспарларды әзірлеу тәртібін білу;
- тауарлық өнімнің өзіндік құнын анықтау, материалдық және еңбек шығындарының нормативтерін, көтерме және бөлшек сауда бағаларын әзірлеу тәртібін білу;
- дербес компьютердің және MS Office (Word, Excel) базалық қосымшаларының озық пайдаланушысы деңгейіндегі дағдылар;
- интернетпен (Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox) және электрондық поштамен (Outlook) жұмыс істеу дағдыларының болуы;
- қаржы саласында есептеу техникасын, ұйымдастыру техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана білу;
- Windows операциялық жүйесін, 1С-Бухгалтерия, SAP BBC бағдарламаларын білу.
Жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Жұмыс шарттары:
- Жұмыс орны: Ақтау қаласы, 5-өнеркәсіптік аймақ (Маңғыстау облысы), «СП «CASPI BITUM» ЖШС кеңсесі;
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Белгіленген үлгідегі түйіндемені info@cb.kmg.kz электрондық поштасына жіберу қажет. Хаттың тақырыбында «экономист» деп көрсету міндетті (бос жұмыс орнының атауын хат тақырыбында көрсету МІНДЕТТІ). Түйіндеме хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылданады.