Лауазымдық міндеттері:
Жұмыс орындарында және мердігерлік жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру; кіріспе нұсқама өткізу, оқытуды ұйымдастыру, нұсқаулықтарды өзектендіру, жеке қорғаныш құралдарының (ЖҚҚ) қолданылуын және анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау.Құзыреті шегінде көлік қауіпсіздігін, қауіптілігі жоғары жұмыстардың қауіпсіз орындалуын және электр қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау.
Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттауды ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалауға және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу.
«Қорғау» жүйесін енгізу және толық сүйемелдеу: оқыту, бақылауларды есепке алу, дерекқорды жүргізу, іс-шаралардың орындалуын бақылау, талдау жүргізу, кері байланысты қамтамасыз ету, көтермелеу материалдарын дайындау және марапаттарды табыстауды ұйымдастыру.
Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын толық сүйемелдеу, оның ішінде сатып алуды ұйымдастыру, міндеттемелердің орындалуын бақылау және сақтандыру жағдайларын сүйемелдеу.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) бағыты бойынша бекітілген шарттарға кураторлық ету: техникалық ерекшеліктерді дайындау, сатып алу рәсімдерін сүйемелдеу, шарттардың орындалуын, қабылдау рәсімдерін, төлем құжаттарын, талап-арыз жұмыстарын және шарттардың жабылуын өз өкілеттігі шегінде бақылау.
ЕҚжЕҚ бағыты бойынша конкурстарды және сыйлықтарды, полиграфиялық өнімдерді, оқу материалдарын сатып алуды ұйымдастыру.
Есептілікті, оның ішінде HSE KMG бойынша есептерді, Комитет материалдарын және ЕҚжЕҚ бағыты бойынша тапсырмалар жиынтығын дайындау; ISO 45001 аудиттеріне қатысу.
Білімі:
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (бейінді білім). Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар орындалған жағдайда техникалық жоғары білімге жол беріледі.
Сертификаттарының болуы:
Жүктелетін функцияларға сәйкестігін бағалау үшін ЕҚжЕҚ, электр қауіпсіздігі және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқудан өткені және білімін тексеруден өткені туралы қолда бар құжаттарды ұсыну.
Жұмыс тәжірибесі:
- Бейінді жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда – кемінде 3 жыл.
- Техникалық жоғары білімі болған жағдайда – Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер лауазымында кемінде 5 жыл.
КМГ және/немесе үлестес ұйымдарда, мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі – кемінде 1 жыл.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті негізгі білімдер:
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, оқыту, нұсқама беру, еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру саласындағы қолданыстағы нормативтік талаптарды білу.
2. Қауіптілігі жоғары жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, наряд-рұқсат беру жүйесі, энергия көздерін оқшаулау, көлік қауіпсіздігі және инженердің бақылау функцияларын жүзеге асыру шегіндегі электр қауіпсіздігі талаптарын білу.
3. Жұмыс орындарын тексеру, қауіпті факторларды анықтау, кәсіптік тәуекелдерді бағалау, түзету іс-шараларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау тәртібін; жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарына қойылатын талаптарды білу.
4. «Қорғау» жүйесін енгізу және сүйемелдеу, бақылауларды есепке алу және талдау, іс-шаралардың орындалуын бақылау, кері байланысты қамтамасыз ету және қызметкерлерді көтермелеуді ұйымдастыру тәртібін білу.
5. Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын және сақтандыру жағдайларын сүйемелдеу тәртібін білу; сақтандыру компаниясымен, Кадрлар бөлімімен, Бухгалтериямен және Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен өзара іс-қимыл жасау дағдыларының болуы.
6. ISO 45001 және менеджменттің интеграцияланған жүйесінің қолданыстағы талаптарын, Серіктестіктің ішкі құжаттарын және 1. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қолданысқа енгізілген корпоративтік құжаттарын білу.
7. Техникалық ерекшеліктерді дайындау, ЕҚжЕҚ бағыты бойынша сатып алу рәсімдері мен шарттарды сүйемелдеу, көрсетілетін қызметтердің көлемін, сапасы мен мерзімдерін, қабылдау және төлем құжаттарын бақылау, талап-арыз жұмыстарына арналған материалдарды дайындау дағдыларының болуы.
8. Нұсқамалар өткізу, нұсқаулықтар, талдамалық материалдар мен есептілікті дайындау; ЕҚжЕҚ бойынша конкурстарды ұйымдастыру, ақпараттық-оқыту материалдарын әзірлеу және іскерлік хат алмасуды жүргізу дағдыларының болуы.
9. Microsoft Word, Excel бағдарламаларын, электрондық поштаны, электрондық құжат айналымы жүйесін (СЭД/Documentolog), PDF форматындағы құжаттарды қарау құралдарын пайдалана білу; тізілімдерді, жиынтық кестелерді және есептерді дайындау дағдыларының болуы. HSE KMG жүйесінде, электрондық наряд-рұқсат беру жүйесінде және «Қорғау» электрондық дерекқорында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
Жұмыс шарттары:
- Жұмыс орны: Ақтау қаласы, 5-өнеркәсіптік аймақ, 65-ғимарат.
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Белгіленген үлгідегі түйіндемені info@cb.kmg.kz электрондық поштасына «ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕР» бос жұмыс орнының атауын көрсете отырып, «БОС ЖҰМЫС ОРНЫ» деген белгімен жіберу қажет (бос жұмыс орнының атауын көрсету және түйіндемені белгіленген нысан бойынша ұсыну МІНДЕТТІ).
Сондай-ақ хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «CASPI BITUM» БК» ЖШС кеңсесінің кеңсесіне тікелей тапсыруға болады.