12-15 маусым аралығында еншілес және тәуелді ұйымдар арасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ дәстүрлі Спартакиадасы өтті. Жарыс спорттық дайындықтың жоғары деңгейін, топтық рух пен жеңіске деген ұмтылысты көрсеткен ҚМГ тобының түрлі кәсіпорындарының өкілдерін біріктірді.
Жеңіл атлетика жарысының қорытындысы бойынша «CASPI BITUM» БК» ЖШС өндірістік бақылау жөніндегі инженері Саян Ағымов 800 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі 2-орынды иеленді.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС ұжымы Саянды лайықты марапатымен құттықтайды және оған жаңа спорттық жеңістер, мықты денсаулық, сондай-ақ кәсіби қызметте де, спортта да бұдан былайғы табыстар тілейді!