«CASPI BITUM» БК» ЖШС Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған «Табиғатты аяла» балалар суреті байқауы аяқталды. Шығармашылық сайысқа зауыт жұмысшыларының 4 пен 14 жас аралығындағы балалары қатысты.
Жас суретшілер табиғатқа ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны сақтауға және экологиялық жауапкершілікке арналған жарқын әрі ерекше жұмыстарын ұсынды. Байқау комиссияға жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады, өйткені әр жұмыс өзіндік шынайылығымен, қиялымен және табиғатқа деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
4-тен 7 жасқа дейінгі жас ерекшелігі санаты бойынша:
- 1 орын — Альнұр Оспанов;
- 2 орын — Әміна Алтынбекқызы;
- 3 орын — София Әбішева.
8-ден 10 жасқа дейінгі жас ерекшелігі санаты бойынша:
- 1 орын — Меруерт Оспанова;
- 2 орын — Хадия Амирханова;
- 3 орын — Аманкелді Бекзат.
11-ден 14 жасқа дейінгі жас ерекшелігі санаты бойынша:
- 1 орын — Аяулым Сәрсенбай;
- 2 орын — Інқәр Қүлбай;
- 3 орын — Қажымұқан Ботақөз.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ешбір қатысушы назардан тыс қалған жоқ - барлық балалар шығармашылық қабілеттері мен белсенді қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқауды ұйымдастырған Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік бақылау қызметінің қызметкерлері барлық жас қатысушылар мен олардың ата-аналарына іс-шараға қызығушылық танытқаны, шығармашылық көзқарасы мен белсенді қатысқаны үшін шынайы алғыстарын білдіреді. Мұндай байқауларды өткізу өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеуге ықпал етеді.