«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов компанияның Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарында өндірістік мәселелер бойынша жиындар өткізді.
«Қаражанбасмұнай» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылары өндірістік көрсеткіштер мен жоспарды орындау, экологиялық мәселелер, сондай-ақ еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қолдау жөніндегі шаралар туралы баяндады.
А.Хасенов өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жарақаттану деңгейін төмендетудің маңызын атап өтті. Ол 2024 жылғы мұнай өндіру жоспарына қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды, сондай-ақ «жетілген» кен орындарда мұнай алу коэффициентіне қол жеткізу үшін термиялық әдістерді және жерүсті инфрақұрылымды жаңарта отырып жаңа технологияларды енгізуге назар аударды.
ҚМГ басшысы сондай-ақ Ақтау битум зауытына ( «CASPI BITUM» БК ЖШС Қаражанбас кен орнының мұнайын өңдейді) барды. Ол зауыттың қызметі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 500-ден 750 мың тоннаға дейін арттыру жобасының мәртебесі бойынша кеңес өткізді.
ҚМГ Басқарма төрағасы 2025 жылдың жол-құрылыс маусымына битум тапшылығын болдырмаудың маңызын атап өтті. Ол сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде жабдық өндіруші зауыттарда тәулік бойы жұмыс істеу арқылы жобаны іске асыру кестесін оңтайландыру қажеттігі туралы айтты.
Басқарма төрағасы жобаның Қазақстанның жол саласы үшін маңыздылығын ескере отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылдың наурызында, ал іске қосу-жөндеу жұмыстарын сол жылдың сәуір айында аяқтауды тапсырды.