18 маусымда «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен кеңес өтті. Серіктестіктің аумағында жұмыстарды орындау және қызмет көрсету кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі талқыланды.
Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік бақылау қызметі жиналғандардың назарына «CASPI BITUM» БК» ЖШС-гі еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мердігерлік ұйымдармен өз-ара іс-қимыл жөніндегі Стандартты, ҚМГ компаниялар тобының жұмыскерлеріне, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарға арналған «Өмірлік маңызды ережелер» Стандартын ұсынды. Сол күні еңбек ұжымдарында тұрақты әлеуметтік жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер қаралды.